«Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудың жаңа әдіс тәсілдері» тақырыбындағы семинар

Бүгін колледжімізде әдістемелік бөлімнің ұйымдастыруымен «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудың жаңа әдіс тәсілдері» тақырыбында колледжішілік семинар өтті.Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлеріне жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудың жаңа әдіс тәсілдері,кредиттік- модульдік оқыту технологиясын,академиялық дербестікті енгізу туралы мағлұмат беру мақсатында өткен семинарда «Talap» комерциялық емес акционерлік қоғамының ұйымдастырумен өткен үш апталық курстан өткен оқытушылар баяндама жасады.Семинарды колледж басшысының м.у.а Ж.Жұқатаева ашып, колледж әдіскері Ж.Алдерзина, директордың ОІЖ орынбасарының м.у.а Б.Тулегенова, арнайы пән оқытушысы А.Смагулова, жалпы пән оқытушысы Ж.Сагимбаева және өндірістік оқыту шебері Г.Б.Демеубаева курс бағдарламаса бойынша 6 модуль бойынша баяндама жасап, оқытушыларға бағыт бағдар берді. Семинар соңында оқытушылар өз сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасып, семинарды жоғары деңгейде өтті деп бағалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *