«Мамандығымның — маманы » атты темір жол мамандарымен кездесу кеші

Колледж әдістемелік жоспарына сәйкес өтіп жатқан » Құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс»ПЦК апталығы аясында жоспар бойынша қараша айының 12 күні ПЦК төрайымы А Смагулова және өндіріс шебері Г.Шаншарованың ұйымдастыруымен «Мамандығымның — маманы » атты темір жол мамандарымен кездесу кеші өтті.Кешке арнайы ЖШС АҚ ҰК ҚТЖ «Шалқар жол дистанциясы» мекемесінен Пұсырманов Дүйсенғали және Махамбет Жұмабек шақырылып қонақ болды. Кездесу кеші «Алем тренгі»мен басталып, ЖЖБ-202 топ студенті Досмамбетов Оңталап «Шалқар» туралы өлеңін оқыса, Артықбаев Алишер М.Тынышпаевтың өмір жолынан үзінді оқыды. Келген қонақтарымыз мамандықтықтың қыр — сырын ашып,өмір жолындағы қызық пен қиыншылықтарымен бөлісіп студенттерге алдағы өмірлеріне сәттілік тіледі.Студенттер де келген қонақтарға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, жауап алып жақсы әсерлі кешке куә болды. Кеш соңында директорың ӨОЖ орынбасары Қ.Қосбармақов келген қонақтарға өз алғысын білдіріп,сыйлықтар табыс етті.Бұндай тағылымы мол кездесулер алдағы уақытта жыл бойы өз жалғасын табатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *