8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтау

Құрметті әріптестер!!!Аяулы ұстаздар мен арулар!!!
Сіздерді Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.
Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқыайының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек.Ана қуанышы, әйел қуанышы — әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі.Жақсы сөз-жарым ырыс демекші,қуаныштан жүздері балбұл жанған ақжаулықты аналардың алдында барша азамат мәңгі қарыздар екеніне тоқталып, шын көңілден бүгінгі мерекемен құттықтаймын.
Ананы сыйлаған, имандылыққа ұйыған халқымызда «Ананың сүйген жері – отқа күймейді, оқ та тимейді» деген тәмсілге сай олардың жүзін мұң шалмауы үшін бар жақсылықтың жалғасатыны анық.
Жер бетіндегі жақсылық атаулы аналардың үлкен жүрегімен әрленеді десек, жылына бір тойланатын мерекеде олардың еңбектерін бағалап, сый құрмет көрсету парызымыз.
Сіздерге шын жүректен деніңізге саулық, отбасыңызға береке — бірлік, мол табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілеймін.Жүректеріңізді шуаққа бөлейтін мерекелеріңізді жақсы қарсы алуға тілектеспін!🌸

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *