«Тәуелсіз елдің тұғыры биік» атты тақырыпта өткен әскери спорттық сайыс

Ағымдағы жылдың қараша айының 9 жұлдызында «Мамандығым — мақтанышым» апталығы аясында және Тәуелсіздігіміздің 29 жылдығына орай «Тәуелсіз елдің тұғыры биік» атты тақырыпта колледжіміздің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Ж.Хасенов және дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Ж.Көлденовтың ұйымдастыруымен әскери спорттық сайыс өтті.Студенттерді патриотизмге баулу,топтар арасындағы достықты нығайту,дене даярлығын,спорттық шеберліктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылған бұл сайыста 4 топ 2 бөлімнен тұратын сайыста өз күштерін көрсетті. Бірінші бөлімінде гір көтеру,кермеге тартылу,автоматты бөлшектесе,екінші бөлімде эстафеталық сайыс түрінде жарысты Нәтижесінде СВҚ — 202 тобы І орынды,ТМК — 201 тобы ІІ орынды және ЖЖБ — 102 тобы жүлделі ІІІ орынды иеленді.Бұндай достықты нығайтатын әскери спорттық сайыстар алдағы уақытта өз жалғасын табады
#шалқараграрлықтехникалықколледжі
#мамандығыммақтанышым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *