» Мамандығым — мерейім» атты теміржол мамандарымен кездесу кеші

Колледжімізде өткен » Мамандығым — мақтанышым « атты апталық аясында қараша айының 11 жұлдызында өндірістік оқыту шебері Г.Демеубаеваның ұйымдастыруымен » Мамандығым — мерейім» атты теміржол мамандарымен кездесу кеші өтті.Студенттерге өз мамандықтарын дәріптеу,мамандыққа деген қызығушылығын арттыру,жауапкершілікті сезіну мақсатында ұйымдастырылған бұл кеште темір жол саласының қиыншылығы мен қызығы туралы талқыланып,студенттер өздерінің мамандықтары туралы қызықты сұрақтар қойып пікір алмасты.Кеш барысында психологиялық тренинг ұйымдастырылып,келген қонақтарға әннен шашу шашты. Рухани азық,мамандыққа деген қызығушылықты оятатын бұндай кештер алдағы уақытта жоспар бойынша өз жалғасын табады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *