«Абай—менің жүрегімде» атты ашық конференция сабағы

Ағымдағы жылдың қараша айының 9 -13 аралығы Шалқар аграрлық — техникалық колледжінде «Мамандығым — мақтанышым» атты атаумен апталық өткен болатын.Апталықтың алғашқы күні тіл мамандарының ұйымдастыруымен «Абай—менің жүрегімде» атты ашық конференция сабағы өткізілді.Сабақтың мақсаты—Абай шығармаларын үш тілде насихаттау,студенттердің тілге деген қызығушылығын арттыру. Ағылшын,қазақ тілі,орыс тілі пәндерінің ұйымдастырылуымен өткен бұл конференция сабаққа аспаз тобы мен тігін өндірісі тобының студенттері белсене қатысты. Сабақта Абайдың өмірбаяны мен шығармалары, поэмалары, қарасөздері жатқа айтылып, әртүрлі қызықты тапсырмалар ойрындалды. Абай атамыздың «Көзімнің қарасы»,«Желсіз түнде жарық—ай» әндері үш тілде орындалды. Келген қонақтарға Абай шығармашылығынан сұрақтар қойлып, қатысқан студенттер алғыс хаттармен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *