Сариева Кенжегүл Саметқызы – кітапханашы

Сариева Кенжегүл Саметқызы –кітапханашы, білімі арнаулы орта, жалпы жұмыс өтілі 11 жыл.

«Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті.
Кітап оқудан тыйылсақ , ой ойлаудан да тыйылар едік»
Ғ.Мүсірепов

Колледж кітапханасының қызметі туралы ақпарат. 

Білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі. Біз білімді  ұрпақ, білімді тұлға дегенде рухани жан – дүниесі бай, білім мен біліктілігі жоғары, талап – талғамы терең, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырған тұлғаны айтамыз.

Бүгінгі студент ертеңгі  ел маманының еліне, жеріне деген  сүйіспеншілігінің артуы, олардың бойында ұлттық намыс, отаншылдық, адагершілік қасиеттерінің ұлғая түсуі жолында кітапхана қызметкерлері халқымыздың  қилы тарихын, өнегелі  әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, мәдени мұраларын,  әдебиет қазыналарын, тереңнен толғайтын сөз өнерін оқырмандарға кітап арқылы насихаттай білу қажет.Студенттермен жұмыс жасай отырып, кітапханаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру, кітапхана қызметінің негізгі міндеттерінің бірі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *