Шалқар аграрлық-техникалық колледжінің тарихы

Шалқар аграрлық-техникалық колледжінің тарихы 1960 жылдың 10 ақпанында Шалқар ауданының бұрынғы Шахты поселкісінде машина-трактор станциясы негізінде «№179 Бершүгір ауылшаруашылығын механизациялау училищесінен» басталды.

1977 жылы училище аудан орталығына көшіріліп, 1984 жылы 31 тамызда «№21 Шалқар орта кәсіптік техникалық училищесі» болып өзгертілді.

2005 жылдың 8 сәуірінде «№21 Шалқар кәсіптік мектебі» ММ, Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылдың 31 шілдесіндегі №288 қаулысымен «№11 Шалқар кәсіптік лицейі» ММ болып қайта аталды. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылдың 10 шілдесіндегі №240 қаулысымен «Шалқар аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК болып қайта аталды. Ақтөбе облысының 2018 жылғы 13 шілдесіндегі №310 қаулысымен «Шалқар аграрлық-техникалық колледжі» КММ болып өзгертілді.

1986-1990 жылдары 8600-ден аса жұмысшы мамандар дайындалған. Негізінен кең көлемді тракторист-машинист, электр газбен дәнекерлеушілер, тас қалаушы, сылақшы, тігіншілер, шаштараз мамандықтары бойынша оқытылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *